«Еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды» - Денсаулық сақтау министрлігі

Oinet.kz 10-08-2020 800

Елімізде коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

- "Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десек болады. Бірақ босаңсуға болмайды. Ендігі міндет - вирусты жұқтыру мен болып жатқан өлімді тоқтату", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі. 

Статистика бойынша, биыл 13 наурыздан бастап, Қазақстанда 99 442 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, жазылып шыққандар саны - 72 523 (72,9 пайыз), стационарларда 4713 адам және амбулаторлық жағдайда 20937 адам ем қабылдап жатыр.  

- "Науқастардың арасында 246 адамның денсаулығы нашар, 69 адамның денсаулығы - өте нашар деп бағаланады. Жалпы 70 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр", - деді Бағдат Қожахметов.

Туған әпкесінің қаза болғанын естісе де есеңгіреп отырып сұхбат берді
Шөкеев Арман Жетпісбайдың арманын орындады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу