Тасмағамбетов пен қызы Атырауға көмектесіп жатыр

Oinet.kz 18-07-2020 4910

Иманғали Тасмағамбетов, қызы Әсел Тасмағамбетова және Кеңес Рақышовтар “Сәби” қоры арқылы Атырау облысына көмектесіп жатыр.

mycollages-6-1024x724.jpg

“Сәби” қайырымдылық қоры Ресейдің Астрахань қаласынан жедел 59 мың дәрілік препарат жеткізді. Бірнеше мың адамды амбулаториялық емдеуге арналған дәрі-дәрмектің жалпы құны 26 миллион 450 мың теңге.

Аталған медициналық көмекті таратуға Атырау қаласындағы Иманғали мешіті имамы, Жылыой ауданының және Махамбет ауданының имамы бастаған ерікті жандар арнайы тізім жасап, жеткізу жұмыстарын бастап кетті. Оған қоса, осы мешіттердің ұйытқы болуымен 50 сиыр сойылып, 1400 мұқтаж жанға азық-түлік ретінде таратылған.

Әсел Тасмағамбетов пен Кеңес Рақышевтың “Сәби” қайырымдылық қоры бұған дейін де медицина саласына және басқа да түрлі бағытта қайырымдылық жасағаны мәлім.

Түркістан: Отандық өкпені жасанды желдету аппараттары алғаш болып мақтааралға жеткізілді
Түркіменстан президенті әлем жұртын таңғалдырып, көпке үлгі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу