Елбасына монумент орнатылды

Oinet.kz 03-07-2020 4324

Тоқаевтың айтуынша, Ұлттық қорғаныс университетіне ескерткіш тұрғызу терең символдық акт болып табылады.

image.png

Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент - Н.Ә.Назарбаевтың ескерткішінің ашылу салтанатына қатысты.

Президент Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ескерткішінің ашылу салтанатына он-лайн режимінде қатысты.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекетіміздің дамуының стратегиялық жолын анықтап, ортақ мақсатқа жету жолында халықты топтастырған қазіргі Қазақстанның негізін қалаушы екенін атап өтті.
"Бейбітшілік пен тұрақтылық, береке мен бірлік - Елбасының сарабдал саясатының нәтижесі. Әр мемлекеттің тарихында өшпес із қалдырған ерекше тұлғалар бар. Өскелең ұрпақтың міндеті - олардың еңбегін бағалау және құрметтеу", - деді Президент.


Түркістан өңірінде өткен ҰБТ кезінде 273 талапкер тестілеуден шығарылды
Коронавирус жұқтырған шенеуніктерді ауруханаға жатқызу тәртібі бар ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу