Депутат 101 жасында зейнетке шықты

Oinet.kz 19-06-2020 1242

Лизель Хайзе, Германияның Кирххаймболанден қаласындағы ең жасы үлкен депутат, 101 жаста зейнеткерлікке шықты. Бұл туралы Badischen Neuesten Nachrichten жазды.

image.png

Зейнеткер жасына байланысты емес, көру және есту проблемаларына байланысты зейнетке кетуді шешті. Өйткені, жиналысқа қатысуға денсаулығы мұрша бермейді.

Депутаттың зейнетке шығарып салу сәтін көп уақыттан бері болмай кеткен арнайы ұйымдастырылған жиналыс уақытында жасады, өйткені елде коронавируспен күрес шаралары біртіндеп жұмсартылуда. Бургомистр Марк Муховтың айтуынша, Хейзе барлық қарт адамдарға үлгі бола алды. Сонымен қатар, ол қарт немістерді қаланың саяси өміріне қатысуға шақырды.Бұрын мұғалім болған Лизель Хайзе 2019 жылдың басында жергілікті сайлауға қатысуға шешім қабылдады. 100 жастағы әйел көп жылдар бойы жабық тұрған қалалық бассейннің ашылуына қол жеткізу үшін саясатқа араласуды ұйғарды. Хайзены сайлау үшін шамамен 900 дауыс жинау керек болды. Кейіннен депутаттық мандат алып, Германиядағы ең қарт қала депутаты болды.

Badischen Neuesten Nachrichten-нің хабарлауынша зейнеткер өзінің басты мақсатына - яғни, бассейн ашуға қол жеткізе алмағанын айтады. Бұған қарамастан, Хайзе депутат ретіндегі қызметін жақсы тәжірибе деп атады.

Мәжіліс депутаттары да Елбасының амандығын тілеуде
​Димаш Құдайберген магистрлік диссертациясын қорғады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу