Мәжіліс депутаттары да Елбасының амандығын тілеуде
Мәжіліс депутаттары Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі.
Депутаттар Елбасының сарқылмас күш-қуаты мен ерік-жігерлілік қасиеттері оған коронавирус індетін жеңуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Халық қалаулыларының пікірінше, Тұңғыш Президенттің кез-келген жағдайдан жол табатын ерекше қабілеті еліміздің қиын-қыстау уақыттарға төтеп беріп, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары осы күні барлық қазақстандықтардың Елбасына шынайы жанашырлық танытуы, халықтық қолдауын айғақтайтынын атап өтті.
- "Біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығын және ұзақ ғұмыр тілейміз", - деді Мәжіліс депутаттары.