Белгілі айтыскер Бекболат Тілеухановқа отты жырын арнады

Oinet.kz 19-06-2020 2330

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға жыр жолдарын арнады, деп хабарлайды Oinet.kz  тілшісі. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазба арнады. 

image.png

Әуелі, әлемді жайлаған коронавирус инфекциясына жазба арнаған айтыскер, бұл қауіпті індеттің ағасы Бекболат Тілеухановты да айналып өтпегендігін жеткізді.

- Кей адамдар әлі де коронавирус деген ауру жоқ деп есептейді екен. Біреулер шын дейді, біреулер "өтірік" ойын дейді. Ойын болғанның өзінде ел сенетіндей, адамдарға шынайы қауіп төнетіндей белгілер болмаса, бұндай "ойынды" әлемге ықпалды қандай адамдар ұйымдастырса да "ойындары осылады" ғой. Вирус бар, коронавирус деген бұрыннан белгілі вирустың түрі. Ал, атың өшкір бұл аурудың "ковид-19" деген түрі расында табиғи вирус емес, қолдан жасалған.

Қолдан жасалды деген сөз, мүлде жоқ деген сөз емес қой. Елбасымыздан бастап қаншама халқымыздан бұл ауру анықталды. Алла шипасын берсін!

Кім ойлап тапса да ешқандай ауру Алланың қалауынсыз жұқпайды. Ал ауырған адамның міндетті түрде күнәсі кешіріледі. Ауру, сынақ, қиындық - бәрі Алланың Мейірімі. Бұл дүниеде ауырмаған Алланың дұшпаны - Перғауын ғана. Өмірінде бір тісі қақсап, бір тал шашы түспеген екен. Себебі, Алла оның күнәсін кешіруді қаламаған. Алла кімге ауру жіберсе, күнәсін кешіріп, дәрежесін өсірсін, һәм шипасын берсін! Бекболат ағамыз да осы дертке шалдығып, Алланың жәрдемімен сауығып келеді. Жұма күні барша отандастарымыз үшін дұға жасап қоялық! - деді ақын. 

Ағасына жылы жазбасын жазған ақын отты өлең жолдарын да арнады.

- Жақсылық хабар күттім ағамнан бір,

Ия, Алла, шипаңды бер, аман қалдыр.

Шынайы ақыретке шын ынтық қып,

Өткінші дүниеге аз алдандыр.

Ел үшін, мен үшін де дұға қылсын,

Өзіңнің Рахымыңмен тазарған құл! 

Тағы бір шенеунік коронавирус жұқтырды
Мәжіліс депутаттары да Елбасының амандығын тілеуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу