Тағы бір шенеунік коронавирус жұқтырды

Oinet.kz 19-06-2020 3374

Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

image.png

Ерлан Әукенов бірнеше күн бұрын, COVID-19 алғашқы белгілері пайда болған кезде ауруға күмәнданғанын атап өтті. Алайда бүгін, 19 маусымда тест оң нәтиже көрсетті.

- "Бұл вирусты жұқтырдым. Сезім жағымды емес. Осыдан үш-төрт күн бұрын телефон арқылы осы ауруды басынан өткерген адамдардың сезімдерін сұраған едім. Енді бүгін жауаптарын өзімнен білемін. Бұл жерде әркімде әртүрлі екенін білу маңызды. Мұны бүгін дәл сезіндім - екі күн бойы вагондарды толтырып немесе бірнеше гектар жерге картоп отырғызғандай сезінемін", - деп жазды вице-министр.

Еңбек вице-министрі COVID-19-ды нақты кімнен жұқтырғанын білмейді. Ерлан Әукенов өзін-өзі оқшаулаған. Ол емделуді және онлайн режимінде жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

- "Тіпті қабылданған шаралар да көмектеспеді, тек осы сәтке кейінге қалдырды. Қашықтан жұмыс істей беремін.  Zoom жұмыс кабинетіне айналды. Үш ай онлайн жұмыс мені дайындады. Оның үстіне, солай тәрбиеленгенмін. Еңбек адамды безендіріп қана қоймай, өзін тонуста ұстауға мүмкіндік береді", - деді Ерлан Әукенов.

Ол коронавирус  жұқтырған барлық науқастың сауығуын тіледі.

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина адамдарға сыналуы мүмкін
Белгілі айтыскер Бекболат Тілеухановқа отты жырын арнады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу