«Өз өмірім үшін қорқамын»: Халықтан көмек сұраған қыздың жан айқайы (фото, видео)
Қазіргі қоғамда қыз баласына жасалынатын зорлық-зомбылық көбеюде. Әлеуметтік желіде халықтан көмек сұраған қыздың жан айқайы жазылған жазба тарап кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі
Бұл әлімжеттілік жайлы қыздың өзі Instagram желісінде жазды.
«Мен бұдан артық үндемей жүре алмаймын!!! Бір жылдан бері мені жігітім ұрып, ақшам мен телефонымды тартып алады, «өлтіремін» деп бопсалайды.
Мен өз өмірім үшін қорқамын. Адамдар, егер мен кез келген уақытта жоғалып кетсем немесе өліп қалсам кінәлі тек Ержан Абылхас Бауыржанұлы.
Мұндай қорлықты тоқтатуға көмектесіңіздерші. Мен өз өмірім үшін қорқамын. Осы хабарламаны тартуыңызды өтінемін! Керекті орындарға өтініш жаздым!» - деп жазба қалдырды.
Желі қолданушылары қыздың қолдап, пікірлерін қалдыруда.
«Ужас, мұндай жігіттер қалай ғана жер басып жүр», «Ол жігіт туралы ашық жазыңыз. Суретін салыңыз. Қорықпаңыз», «Мұндай жігіттен аулақ болу керек еді баста» деген сынды түрлі пікірлер жазуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram