«Сасықсың ғой сен» - шенеунік тұрғынға тіл тигізді (видео сілтемеде)

Oinet.kz 30-05-2020 1514

Алматы облысы Іле ауданында әкімшілік қызметкері тұрғынға "сен сасықсың" деп тіл тигізген. Әкімдік қызметкері осы сөзі үшін қызметінен қуылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы "Aitube" сайтында жарияланды.

image.png

Іле ауданы әкімдігінің қызметкеткері тұрғанға "сен сасықсың" деп тіл тигізген.  Аудан тұрғыны әлеуметтік желіде әкімдік қызметкеріне шағым түсірген. Желіде жарияланған видеода мемлекеттік қызметкердің тұрғынға тіл тигізгенін көруге болады.

- "Сен публикаға ойнама, сасисың (...) Сасықсың ғой сен. Мен сенімдімін, жауап беремін", - дейді шенеунік видеода.

Тұрғынның айтуынша, ол әкімдікте неге видеоға түсіруге болмайтынын білгісі келген. Осы уақытта оның алдынан кәсіпкерлік бөлімінің басшысы шығыпты.

- "Неге әкімдік қызметкерлері смартфон пайдаланады? Ал бізге неге рұқсат жоқ? Менің ойымша, бұл біздің құқығымызды шектейді. Бір қызметкер ұялы телефонға түсіргенім үшін ашуланды. Ол карантин режимін бұзып жүргенімді айтты. Бірақ өзі маска тақпай, карантинді бұзып жүр", - дейді тұрғын.

Ол шенеунік "Мал, сасисың. Қазір еркектің бәрі көйлек кисін" деп өзіне тіл тигізгенін ашық айтты.

- "Менде бұл видео бар. Ол дұрыс түсіндірудің орнына неге адамға тіл тигізеді?", - дейді тұрғын.

«Астарлы ақиқат» бағдарламасы неліктен жабылды?
Біртанов дәрігерлердің жалақысы қанша болатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу