«Астарлы ақиқат» бағдарламасы неліктен жабылды?
КТК телеарнасындағы маңызды бағдарламалардың бірі "Астарлы ақиқатқа" биыл тура 10 жыл. Осы уақытқа дейін өзекті мәселелерді көтеріп, сол тақырыптардың өзегін шешіп жүрген бағдарлама осыдан бір күн бұрын соңғы шығарылымын эфирде көрсетті. Соңғы бағдарламада Дина Төлепберген атқарылған жұмыстарын таныстырып, халыққа есеп берді, деп хабарлайды Oinet.kz порталы.
Бос уәде беріп, халықты алдайтын емес, шын жаны ашитын бағдарламаның енді эфирге шығар шықпасы белгісіз. Осы уақытқа дейін 115 бағдарлама көрсетілді, 345 кейіпкер, 630 сарапшы болды.
Тіпті ток-шоудың жүргізушісі Дина Төлепбергеннің өзі бұл сұраққа нақты жауабын бермеді.
- "Осымен бітті ме? Бітпеді ме? белгісіз. Бірақ, мына орында кім тұрса да болмыс, бұқпасыз, боямасыз баяндалсын. Мен сіздермен қоштасамын, сау болыңыздар", - деді журналист.