Біртанов дәрігерлердің жалақысы қанша болатынын айтты
Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әлем елдерінің стандарттарына жақындау үшін дәрігердің орташа жалақысы 550 мың теңге болуы тиіс екендігін жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz порталы. Бұл туралы ол Хабар24 телеарнасындағы онлайн брифингте айтты.
Біртановтың сөзінше, медицина қызметкерлерінің айлығын арттыру жұмысы былтыр басталған. Ол уақытта дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға артты. Сонымен қатар қаңтар айынан бастап республикалық бюджеттен және медициналық сақтандыру қорынан еңбекақы төлеу қорын 30 пайызға арттыру үшін қосымша қаржы бөлінген.
- "Біз есеп-қисап жүргіздік. Бізге әр жыл сайын еңбекақы төлеу қорын 30%-ке арттыру қажет болады. Сол кезде қалаған деңгейге жетеміз, әлем елдерінің стандарттарына жақындау үшін дәрігердің орташа жалақысы 550 мың теңге болуы тиіс. Әйтпесе, біз кадрларымызды жоғалта береміз", - деді Біртанов.