Бейсен Құранбек туралы не білеміз?
Бейсен Құранбек (1971 жыл 9 желтоқсан Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылы — 2020 жыл 18 мамыр Талдықорған) — журналист, қоғам қайраткері, тележүргізуші. Қазақстан Ұлттық арнасындағы "Айтуға оңай" бағдарламасының жетекшісі әрі жүргізушісі. Алматы облысы Жетісу телеарнасының директоры. ҚР Мәдениет қайраткері. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері. Талдықорғанның құрметті азаматы (2017).
Толығырақ:
Бейсен Құранбек 1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Қаңлы тайпасының Қара қаңлы руынан шыққан.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерінен бастаған. Ал қалған жылдарын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31-арна», «Хабар», Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.
2007 - 2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды.
2013 жылдан Қазақстан Ұлттық арнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі әрі жоба жетекшісі.
2014 жылдың қазан айынан бастап Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды.
Марапаттары:
2006 - ҚР Президенті сыйлығының иегері
Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері
"Жыл таңдауы" ұлттық сыйлығының иегері
ҚР тұңғыш президенті - елбасының жеке алғыс хатымен марапатталған.
2015 - "Тіл жанашыры" құрметті атағымен марапатталған (2015 6 қараша Астана)
2015 - "Қазақстан халқы ассамблиясына 20 жыл" мерекелік медалі
2016 - Елбасының жарлығымен мемлекеттік марапат "Ерен еңбегі үшін медалі" мен марапатталды.
2017 - Талдықорған қаласының құрметті азаматы атанды.