«TÚRKІSTAN BAQ - 2020» шығармашылық байқауы

Oinet.kz 12-05-2020 2623

Байқау өңірдегі БАҚ саласын дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін көтеруге, БАҚ өкілдерінің азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған. 

590bd340-c57d-454e-bc5c-8bdf6b605ed7.jpgМақсаты - талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестеріне құрмет көрсету. Байқаудың марапаттау рәсімі 2020 жылғы 1 шілдесінен кешіктірілмей өтеді. 

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы 2020 жылғы 15 мамырдан бастап «Túrkіstan BAQ - 2020» шығармашылық байқауына материалдар қабылдауды бастайды. Байқауда бақ сынайтын БАҚ өкілдері Түркістан облысының дамуына қатысты позитивті материалдарын 2020 жылдың 15 маусым, сағат 19.00-ге дейін тапсыра алады.  

Бұл байқауға өңірдегі БАҚ саласындағы кез келген ұжым, журналист қатыса алады. Байқауға БАҚ өкілдері 2020 жылғы 5 қаңтардан бастап, 2020 жылғы 15 маусым аралығында жарияланған материалдарын жолдауы тиіс. Бір журналист үш (3) материал ұсына алады.    

Байқауға қатысу үшін өтінімді толтырып, ұйымдастырушының uvpkonkurs@mail.ru электронды поштасына жұмыстарды жолдау қажет (ТО Қоғамдық даму басқармасы, Ақпараттық ресурстар және БАҚ мониторингі бөлімі). 

Сонымен бірге Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі, нөмірсіз (Ханака қонақ үйі), 2 қабат 6 кабинет мекенжайына жеткізуге болады.

Байқау тізбеге сәйкес келесі номинациялардан тұрады: 

1. «Алтын қалам» 

(Мерзімді басылымдағы үздік талдау-сараптама үшін)

2. «Tүркістан-Темірқазық»

(телеарнадағы ақпараттық-талдау бағдарламасына арналған үздік сюжет)

3. «Объектив»

(Фотографтар, телеоператорлардың өңір туралы үздік жұмыстары үшін) 

4. «Тұран сайыпқыраны»

(Республикалық, облыстық БАҚ тілшілерінің үздік жұмыстары үшін)

5. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, «Ұлы Абай» тақырыбындағы үздік деректі фильмі 

6. Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Фараби феномені» тақырыбындағы үздік деректі фильмі

7. «Түркістан жанашыры» 

(Өз энтузиазмымен өңір туралы блогплатформалар мен тұғырнамаларда, әлеуметтік желілерде позитивті жаңалық жариялаушы желі белсенділері мен фрилансерлер)

8. «Алтын көпір»

(Әкімдік пен журналистер қауымының арасында алтын арқау болған белсенді баспасөз хатшыларының еңбегі үшін)

9. «Жаңа ақпарат» - облыс көлемінде республика бойынша үздік сайтты марапаттау. 

10.    «Үйлесім»

(Үздік корректор мен дизайнер және монтаж жасаушыларға және техникалық қызметкерлер еңбегін бағалау)

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Жеңімпаздарды марапаттау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен сабақтастырылады.

Жеңімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады. Байқау комиссиясы – Түркістан облысы әкімі жанындағы БАҚ жөніндегі кеңес мүшелерінен тұрады. 

Байқау комиссиясы үміткерлерді іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады: 

  • материалдардың байқау талаптарына сәйкестігі;

  •  материалдың объективтілігі;

  •  кәсіби шеберлігі;

  •  журналистиканың этикалық қағидаларына сәйкестігі.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

Ұсынылатын жұмыстардың тақырыбы: Байқауға Түркістан облысына қатысты әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани, сараптамалық, ақпараттық материалдар қабылданады. 

Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

  •  Баспасөз материалдары Microsoft Word және PDF форматында жарияланымымен қоса өткізіледі (сканерленген көшірмеде атауы мен баспасөз БАҚ-тың шығыс деректері болуы керек). Сондай-ақ түпнұсқасын әкелу құпталады;

  •  ТВ-материалдары DVD-дисктерде беріледі, фото жұмыстар – CD немесе DVD-дискте;

  •  Бейнематериалдар 1920 х 1080 full HD кем емес рұқсатымен DVD форматта, хронометраж – 1 (бір) минуттан кем емес (бейнесюжеттер үшін) және 15 (он бес) минуттан (деректі фильмдерге немесе телебағдарламалар үшін) кем емес;

  •  Байқау жұмыстарын USB (flash) тасымалдаушымен беруге болады.

  •  Өтінім мен Байқау жұмыстары хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей өткізілуі керек.

Байқау тақырыбына, қойылатын талаптарға сай келмейтін, сондай-ақ мерзім аяқталғаннан кейін өткізілген жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқау жұмыстарының мәлімделген тақырыпқа сәйкестілігін Байқау комиссиясы анықтайды. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

БАЙҚАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘРТІБІ

Комиссия құқылы:

- осы байқау туралы ереженің талабына сәйкес келмеуі негізінде байқауға қатысушыны қабылдамауға; 

- Байқау комиссиясы байқау жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы түсінік беруге міндетті емес.

Комиссия міндетті:

- Байқауға қатысушылардың барлығына бірдей жағдай жасауға;

- Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз етуге; 

- Байқау қорытындысы туралы мәліметтерді алдын ала жариялануына жол бермеуге.

Байқау жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі 2020 жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмей өткізіледі.

Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі, нөмірсіз (Ханака қонақ үйі), 2 қабат 6 кабинет. Байланыс телефоны: 7 775 368 5785 Эльвира Арыстанбекқызы, 8 705 491 22 97 Нұрбол Бауыржанұлы.

электронды пошта:  uvpkonkurs@mail.ru 

Байқауға қатысу өтінімі 

Тегі: ___________________________________________

Аты: _______________________________________________

Әкесінің аты: ___________________________________________

Туған күні: ______________________________________

Білімі: ________________________________________

Жұмыс орны: _______________________________________

Номинация атауы: _________________________________________

Материалдар атауы: __________________________________

Жарияланған материалдың гиперсілтемесі (тікелей сілтеме) 

(электронды түрде жарияланған жағдайда): ____________________________________________________

Электронды почта: __________________________________

Байланыс телефоны: _________________________________


Байқауға қатысушының                 _________________ Қолы 

   Күні

Есмағамбетова: «Қуанатындай жөніміз бар»
Мемлекеттік қызметкерлер бес есе жоғары жалақы алу тиіс - Президент кеңесшісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу