Есмағамбетова: «Қуанатындай жөніміз бар»

Oinet.kz 12-05-2020 4714

Кеше ғана 133 адам емделіп, ауруханадан шықса, ал бүгін 115 жазылған адамды ауруханадан босату жоспарланған.

Досье: Есмагамбетова Айжан Серикбаевна — Главный государственный ...

Коронавирустан емделіп, жазылған қазақстандықтардың саны 2000-нан асты, деп мәлімдеді бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова онлайн-брифингте.

"Біздің қуанатындай жөніміз бар. Айыққан науқастардың саны күн санап артып келеді. Бүгінде аурудан айыққандардың саны 2000-ға жетті. Жалпы, бүгінгі күнді қосып алғанда, бұл көрсеткіш 2074 құрады", - деді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, кеше ғана 133 адам емделіп, ауруханадан шықса, ал бүгін 115 жазылған адамды ауруханадан босату жоспарланған.

"Соңғы бірнеше күннен бері сауыққан адамдар саны тіркелген жағдайлардың санынан асып жатқанына назар аударғым келеді. Бұл - біз үшін өте жақсы көрсеткіш, бұл эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын көрсетеді. Әрине, бұл - карантиндік шаралар мен төтенше жағдайдың нәтижесі, соның тиімділігінің дәлелі", - деп түсіндірді бас санитарлық дәрігер.

42 500 теңгеге қатысты шағымды қайда жолдауға болады
«TÚRKІSTAN BAQ - 2020» шығармашылық байқауы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу