Мемлекеттік қызметкерлер бес есе жоғары жалақы алу тиіс - Президент кеңесшісі

Oinet.kz 13-05-2020 5581

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік аппараты жаңарту қажет екенін мәлімдеді. Президенттің кеңесшісі Олжас Құдайбергенов еңбекақы жүйесін өзгерту арқылы еліміздегі жемқорлықты төмендетуге болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

dMctAlBe.jpg

"Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы, әсіресе, еліміздің аймақтарында өте аз. Тіпті елорданың өзінде 100-150 мың теңге. 200, 300, 500 мың теңге алатындардың үлесі - небәрі 5%-ды құрайды. Осы мәселені шешуіміз керек. Мемлекеттік қызметкерлер бес есе жоғары жалақы алу тиіс. Бірақ олардың жауапкершілігі де артып, жемқорлықпен күреске белсене ат салысып, шетелдегі және мемлекетіміздегі қорлары тексеріске алынуы қажет", - дейді Құдайбергенов. 

Оның айтуынша, халық егер елімізде әділ шенеуніктер көбейсе, бұл бастаманы қолдайтынын алға тартты. 

"Жемқорлыққа қатысы болып ұсталған шенеуніктер басқа жұмысқа ауыса салып жатады. Бұл жағдайдың түпкілікті түрде жоюлуы міндетті. Кейде пара алған қызметкер жазаланбай қалады. Егер осындай дүниелер сақталса, әрине, жұрт шенеуніктердің жалақасын көтеруге наразы болады", - деп қосты ол. 

«TÚRKІSTAN BAQ - 2020» шығармашылық байқауы
Күйеуі «балталап» тастаған әйелдің қазіргі жағдайы белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу