Мақтааралдық оқушыларға сый-сияпат жасалды
15-08-2022
Мырзакент пен Жетісайды су басу қаупі жоқ. Бұндай мәлімдемені бүгін Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты онлайн-брифингте Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары - облыста құрылған штаб басшысының орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жасады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Спикердің айтуынша, тасқын су Мақтаарал ауданындағы 4 елдімекендегі тұрғын үйлерді және егістікті басқан. Қазіргі уақытта зардап шегушілер азық-түлік және жатар орынмен қамтамасыз етілген. Апаттан болған шығын алдағы уақытта толық есептелетін болады.