​Мақтааралдық оқушыларға сый-сияпат жасалды

Oinet.kz 15-08-2022 508

Screenshot_12.jpg

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатқанұлы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, "Мектепке жол" акциясы аясында өзінің атынан 10 аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына мектеп формасы мен оқу құрал-жабдықтарын сыйға тарты. 

"Білімді ұрпақ - мемлекетіміздің болашағы. Сабақты жақсы оқып, әрбірің еліміздің дамуына атсалысатын білімді азамат болуларыңа тілектеспін. Ұстаздарыңның, ата-аналарыңның айтқандарын тыңдап, әрқашан, еңбекқор, табанды, ақылды, парасатты болып өсіңдер!" - деді басқарма басшысы. 

Жұмыс сапары барысында Дінислам Болатханұлы ата-аналар тарапынан түскен шағым бойынша әр мектептің өзінің жеке формасы болмайтынын, министрлік тарапынан оқушы қара-көк түсті шалбар, костюм мен ақ көйлек кисе жеткілікті екенін жеткізді. 

Жалпы Мақтаарал ауданында 6-18 жас аралығындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың балалары, тұл жетім және жартылай тұл жетім балалардың саны 7500-ге жуықтайды. Биыл облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, облыстық бюджеттен осы санаттағы әрбір балаға мектеп формасы үшін материалдық қолдауға 35275 теңгеден қаражат берілетін болды. 

Айта кетейік, қазіргі таңда Мақтаарал ауданынжа "Мектепке жол" республикалық акциясы қызу жүріп жатыр. Акция шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке қажетті материалдық көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Мырзакентте спорт сарайының құрылысы жүргізілуде
​Тұрғындармен көшпелі кездесулер өткізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу