Мақтааралдық оқушыларға сый-сияпат жасалды
15-08-2022
Ел кәсіпкерлеріне қолдау білдіру мақсатында Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың әрбір бастамасы ел әлеуетін, оның әлеуметінің жай-күйін одан әрі арттыруға бағытталғанында күмән жоқ.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Досым Асабаев пен Жомарт Датқаев «КАНВАССИНГ» шарасы аясында күріш өңдеу зауыты – «Алғабас» ЖШС болды.
Рамис Фаражевпен өткен кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасындағы 7 басымдық жайында түсінік беріп, елдегі ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге тоқталды. Елдегі шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қабылданған партиялық бағдарламалар жеке кәсіппен шұғылданамын, кәсібімді кеңейтемін деушілерге барлық мүмкіндіктерді беріп отыр.
Алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қолжетімді және тиімді несиеге, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеуге бағытталған кемінде 10 жобаны іске асыруға, туристік саланы дамыту мақсатында жаңадан қонақ үйлер мен демалыс орындарын, сауда орталықтарын ашуға ықпал ететін болады. Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік объектілер саны 11,5 мыңға, ондағы жұмыскерлер саны 15 мыңға жетеді деп күтілуде.
Кездесу соңында үміткерлер Рамис Фаражевті 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді