Бүгін Берік Уәлидің туған күні

Oinet.kz 04-01-2021 891

Осыдан 44 жыл бұрын, яғни 1977 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлиұлы Құрманғали дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылында туған. 

Берік Уәли.png

Ол Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін; Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген. 

Еңбек жолы: «Таң» телекомпаниясының «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының тілшісі (1997 жылдан); «НТК» телеарнасында «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының редакторы; «31-ші арнада» «Информбюро» ақпараттық бағдарламасының жауапты редакторы, бас редакторы, жүргізушісі (2000-2007); «Нұр Медиа» сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталығының басшысы (2009-2012); Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы (2012-2015); «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі (2015-2016). 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған. 2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы. 

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың наурыз айынан бастап. 

«Еркін сөз» бағдарламасының авторы, «Дода» қоғамдық-саяси ток-шоуының, «Хабар» арнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасының жүргізушісі, «Аманат» зияткерлік клубының жетекшісі, «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы болды. «Ұлттық арнадағы» «Бірінші студия» бағдарламасының жүргізушісі.

Эболаны тапқан ғалым қауіпті вирустың пайда болғанын айтты
Түркістан – Мақтаарал: «Nur Otan» - отандық өнім өндірушілерді қолдайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу