​Тұрғындармен көшпелі кездесулер өткізілуде

Oinet.kz 15-07-2022 214

Screenshot_13.jpg

ҚР Президентінің "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов ІІІ тоқсанға бекітілген жоспар бойынша Мырзакент кенті мен Жаңажол, Еңбекші, Иіржар ауылдық округтерінің тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізді. 

Аудан басшысы 6 айда атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап,  алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобалар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, көшпелі кездесулерде Бақыт Насырханұлы халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, кент пен округтердегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті. Жиын барысында халыққа да ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар аудан әкіміне өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.

Аудан басшысы мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен жауап беріп, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындарға жеке қабылдаулар өткізді. Қабылдауларға құқық қорғау органдардың басшылары, тиісті сала басшылары және аудандық мәслихаттың депутаттары қатысып, мәселесін көтеріп келген әрбір тұрғынға қанағаттанарлық жауаптар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

Айта кетейік, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында өтіп жатқан көшпелі кездесулердің ІІІ тоқсанға арнайы жоспары бекітіліп, бекітілген жоспар кестесі БАҚ пен аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсына, әлеуметтік желілердегі парақшаларына алдын ала жарияланған болатын. 

​Мақтааралдық оқушыларға сый-сияпат жасалды
Мақтааралда "Сырдария" және "Целинный" шекара бекеттері қайта ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу