1 млн 600-ге жуық отбасы коммуналдық қызметтерді төлеуге көмек алады
Халықтың әлжуаз топтарына әр аймақтағы әкімдіктер коммуналдық қызметті төлеуде тиімді көмек көрсетуде. Бүгінде, халық тарапынан келіп түскен өтінімдерді қабылдау жұмыстары қолға алынуда.
- «Мамыр айында сәуір айының қорытындысы бойынша, шоттар белгілі болғаннан кейін төлем жасалады. Әр ай үшін 15 мың теңгеден есептеледі. Егер 2 айда шот 30 мың теңгеден кем болған жағдайда, қалған ақша келесі айға есептеледі», - делінген хабарламада.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларда, көп балалы отбасыларда, мемлекеттік қызметтерді орындау барысында қайтыс болған адамдардың отбасыларында коммуналдық қызмет көрсетушімен келісімшарт бір адамда болса, жеткілікті.
Алдын ала есептеу бойынша коммуналдық қызметтерді төлеуде 1 млн 600-ге жуық отбасы көмек алады.