42 500 теңге түскенін анықтайтын жаңа қызмет іске қосылды

Oinet.kz 01-05-2020 1549

Еліміздің Еңбек вице-министрі Нариман Мұқышев 42 500 теңгенің түскенін тексеруге арналған жаңа қызметтің іске қосылғандығын жеткізді. Бұл туралы ол өзінің жеке Telegram парақшасында айтты деп хабарлайды, Oinet.kz тілшісі. 

4b3de598-10a1-4b55-8ac3-6278d57cad6b.jpg

Мұқышевтың сөзінше, халықтың өтініші қабылданғаннан кейін шоттарға ақша жіберілгендігі туралы сұрақтар көптеп келіп түседі екен. Олар бұл мәселені шешу үшін цифрлық командамен бірге біршама интеграция мен техникалық жұмыстарды қадағалаған. Нәтижесінде, egov.kz  және 42500.enbek.kz сайттары арқылы ақша жіберілгенін және қандай банкке жіберілгендігін көруге болатын жаңа қызмет түрін іске қосқан.

- Егер өтінім мақұлданса және ақша жіберілсе мәртебесі 5 қадамды жасыл түүспен көрсетеді, ал төменгі жағында 42 500 теңге қандай банкке жіберілгені жазылады. Бұл жағдайда, егер картада түсімдер жоқ болса, банкке хабарласуыңызға болады, - дейді вице-министр. 

Сондай-ақ, өтінім мақұлданған жағдайда, бірақ шот нөмірінде өателік болса, мәртебеде 5 қадамды сары түспен көрсететіндігін және дұрыс шот нөмірін алу үшін не істеу керектігі туралы ақпарат көрсетілетіндігін жеткізді. 

- Мұндай қателіктердің бір бөлігін біз өзіміз анықтаймыз, бірақ бір бөлігін көре алмаймыз және банктер ақшаны қайтарады. Сонда біздің базамыз арқылы немесе СМС арқылы басқа шоттарды іздеуге тура келеді, - деді Нариман Мұқышев.  

Тоқаев қазақстандықтарды 1 мамыр Бірлік күнімен құттықтады
Ресей премьер-министрі коронавирусқа шалдықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу