Ресей премьер-министрі коронавирусқа шалдықты
Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет басшысының дертке шалдыққаны тест арқылы анықталған. Осыған байланысты Мишустин дәрігерлердің талабымен оқшауланып, ем-дом қабылдуға кірісті. Үкімет басшысының міндетін премьер-министрдің бірінші орынбасары Андрей Белоусов атқаратын болады. Үкімет басшысы әріптестерімен әрдайым телефон арқылы байланыста болатынын жеткізді. Ал президент Владимир Путин өз кезегінде кез келген адам вирусты жұқтырып алуы мүмкін екенін ескертіп, Мишустиннің дерттен тез жазылып кетуін тіледі.