Руслан Жанпейісов тағы да бес тәулікке қамалды

Oinet.kz 29-04-2020 1013

Карантин ережелерін бұзғаны үшін айыпты деп танылып, 35 тәулікке қамауға алынған белгілі қоғам белсендісі Руслан Жанпейісов тағы да бес тәулікке қамалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Азаттыққа сілетем жасап. 

image.png

Азаттықтың мәліметінше, Түркістан облысы Келес аудандық соты белсенді Руслан Жанпейісовті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің "Төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттер" бабы бойынша кінәлі деп танып, 5 тәулікке қамау туралы шешім шығарған. Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Қуат Еламановтың айтуынша, іс 24 сәуір күні онлайн режимде қаралған. Арызды Келес аудандық полиция бөлімі түсірген. 

Ал Жанпейісовтің адвокаты Закир Асадов белсенді тағылған айыпты мойындамағын айтады. Оның сөзінше, сотта "белсендінің құқықтары шектелген". Адвокатты "іспен таныстырмаған, істі қарау кезінде сөз берілмеген. Айыпталушы тараптың талап-тілектері ескерілмеген". Сотқа Жанпейісов Шымкенттегі түрмеден қатысқан. Енді ол бұрынғы 35 тәулікке 5 тәулік қосып, 40 тәулік жазасын өтеуі керек. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты белсенді Руслан Жанпейісовті "Шымкент қаласы бас санитарының карантин туралы қаулысын бұзғаны үшін" айыпты деп тауып, қамауға алу туралы үкім шығарғанын хабарлаған едік.  Жанпейісов Әкімшілік кодекстің "Төтенше жағдай режимін бұзу" бабымен - 10 тәулікке, "Төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермелейтін әрекеттер" бабымен 25 тәулікке қамалған болатын. 

Қазақстандықтар екінші рет 42500 теңгені қашан алады
Елімізде 100 жастағы әже коронавирусты жеңді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу