Қазақстандықтар екінші рет 42500 теңгені қашан алады

Oinet.kz 28-04-2020 1879

Коронавирустың салдарынан төтенше жағдай 11 мамырға дейін ұзартылды. Бұл көптеген кәсіпорындар жұмысын әлі бастаған жоқ дегенді білдіреді. Осыған байланысты қазақстандықтар 42,5 мың теңгені екінші рет қашан алатынын сұрауда. Бұған қатысты Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

BD48E5EC-EEAC-4BA3-AE68-CBCC36BC862F.jpeg

"Төлем (42,5 мың теңге мөлшеріндегі жәрдемақы - ред.) бір рет тағайындалады, ай сайын карантин кезеңінде төленеді. Мысалы, адам алғашқы төлемді 25 наурызда алса, ал кейінгісін 25 сәуірде алады", - деп хабардар етті Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.

Сонымен қатар, ведомство құжаттарды қайта тапсырудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Наурызда ақша алған барлық адамдарға екінші айда автоматты түрде қаражат түседі.

Сәлем – Құдайдың бір аты!
Руслан Жанпейісов тағы да бес тәулікке қамалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу