42500 теңге келесі жолы кімдерге төленбейді? Вице-министр жауабы

Oinet.kz 21-04-2020 1371

Келесі жолы 42500 теңгелік жәрдемақы кімдерге тағайындалмайтынын еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің орынбасаны Нариман Мұқышев мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

news_full15845897908e8782d956536deb498f1a841de27b00.jpg Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты пікір білдірді

"Бұл ай сайын ТЖ кезінде берілетін төлем. Төтенше жағдай 30 сәуірге дейін ұзартылғандықтан наурыз айында ақша алғандарға тағы да 42 500 теңге төленеді. Келесі төлем бір ай уақыт өткен соң түседі. Осы айдың соңына дейін өтініш білдірген азаматтардың барлығы жәрдемақыға ие болады", - дейді вице-министр. 

Бұған қоса ол екінші реттік төлем кімдерге берілмейтінін түсіндіріп кетті. 

"Келесі жолы жәрдемақы тағайындауға тағы бір мәрте өтініші берудің қажеті жоқ. Сонымен қатар алдыңғы өтінімдерді бір қайтара тексеріп шығамыз. Қазіргі күннің өзінде кейбір мекемелердің жұмысы қайта іске қосылды. 20 сәуірден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтандағы бірқатар кәсіпорындар ашыла бастады. Сол себепті осы айда жұмысқа шығып табысына қайта қол жеткізген азаматтарға мемлекеттік төлем жүргізілмейді. Ол үшін жұмысқа шыққан азаматтар электронды порталда өз бетімен жәрдемақыдан бас тарта алады", - дейді министр орынбасары.

Министр: «300 миллиард теңгеден айырылуымыз мүмкін»
Коронавирус: Елімізде 18 науқас тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу