Министр: «300 миллиард теңгеден айырылуымыз мүмкін»

Oinet.kz 21-04-2020 849

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында коронавирусқа байланысты азаматтық авиация жыл соңына дейін 300 миллиард теңге жоғалтуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz. 

image.png

- Азаматтық авиация саласында коронавирус пандемиясына байланысты бүгінгі таңда ішкі және халықаралық әуе рейстері өкінішке қарай тоқтатылды. Бірақ қалыптасқан жағдайға қарамастан биылғы жылдың бірінші тоқсанында өсім болды.Үш айдың ішінде жолаушылар саны 1,7 миллион адамды құрады. Бұл 2019 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 5,2 пайызға жоғары, - деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, алдағы бес жылда 13 әуеаймақ салу көзделіп отыр. 

- Биыл Түркістан қаласында жаңа терминалды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Үржар қаласындағы әуежайды жаңғыртуды қайта бастаймыз. Сондай-ақ Шымкент қаласындағы әуежайдың жаңа терминалының құрылысы және Орал қаласы аэровокзалын жаңарту басталады. Ақша болса Өскемен және Үшарал қалаларындағы тағы екі ұшу жолағын жаңартамыз. Алдағы бес жылда 13 әуеаймақ салу көздеріп отыр. Қазір жергілікті әуе желілерінің 3 әуе айлағы Үшарал, Үржар, Зайсанда жұмыс істейді, - дейді министр.

Оның айтуынша, төтенше жағдай енгізілгенге дейін Қазақстан 26 шетел мемлекетімен 99 халықаралық бағыт бойынша әуе тасымалын жасаған.

- Жақын арада қалыпты жұмыс режиміне оралып, азаматтық авация саласында жоспарланған барлық міндеттерді орындаймыз деп үміттенеміз. ҚР азаматтық авиациясы өкілдерінің болжамы бойынша операциялық кірістердің төмендеуі жыл соңына дейін шамамен 300 миллиард теңгені құрауы мүмкін, - дейді Бейбіт Атамқұлов.

Доллар тағы да қымбаттады
42500 теңге келесі жолы кімдерге төленбейді? Вице-министр жауабы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу