42 мың 500 теңгенің құдыреті cол Telegram-ды 1-ші орынға шығарды
Қазақстанда Telegram қосымшасы әлеуметтік желілер санаты бойынша ең жиі жүктелетін iOS-қа арналған құралдар арасында 1-ші орынға шығып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
7 сәуірдегі AppAnnie деректері бойынша, Telegram-ның iOS версиясы 25 мемлекетте әлеуметтік желілер санатында жүктелуі бойынша бірінші орында тұр.
Бұған атақты 42500 теңге себеп. Сол ақшаны алу үшін Қазақстан азаматтары жаппай Telegram орнатқан. Ондағы egov-тың арнайы боты арқылы әлгі ақшаға қол жеткізу үшін.
Айтпақшы, iPhone деген арзан гаджет емес. Көбінесе дәл осы iPhone иегерлерінің әлеуметтік көмек алуға жаппай жүгіргені қызық.