Танымал астролог 2024-2025 жыл адамзат үшін өте қауіпті болатынын ескертті

Oinet.kz 11-04-2020 7349

Белгілі астролог Павел Глоба елдің есін алған қазіргі пандемия аса қауіпті емес дейді. Оның айтуынша, адамзатты алда бұдан да алапат ауру күтіп тұр екен.

Иә, ресейлік астроболжаушы осылай дейді – ол келесі кеселдің ауылы алыс емес екеніне сенімді. Айтқандары көп жағдайда 90 пайыздық дәлдікпен келетін астролог мұны қандай негізге сүйеніп айтты? Оқып көріңіз.

astrolog-pavel-globa-nazval-3-znaka-zodiaka-kogo-zhdut-sudbonosnye-peremeny-v-nachale-2020-goda.jpg

Кібісе жылының әлегі ме?

«Коронавирус дүмпуі ауыспалы-өтпелі, дағдарыстық дүниелерге бейім Тышқан жылы үшін қалыпты нәрсе. Әрі биылғы жыл – кібісе жылы екенін ескерсек, осылай болуы заңды да.

2020 жылға аяқ басар алдында мен алда бүкіләлемдік дағдарыс болуы мүмкін екенін ескерткенмін. Биылғы жыл ішінде Күннің алты рет тұтылуы, алыс планеталардың, атап айтқанда, Сатурн­ның Плутонмен, Юпитердің Плутонмен және Юпитердің Сатурнмен бір сызық бойына түйісуі осыны көрсетеді. (Ал Сатурн – жағымсыз құбылыстар әкелетін планета). Осының әсерінен зертханалық сынақтарға жиі түсетін жыл белгісі – Тышқан көптеген жағымсыз жайлар символына айналуы мүмкін. Аспан әлемінің бұл «қойылымынан» адамзат, әрине, тысқары қала алмайды. COVІD-19 соның бір көрінісі ғана.

Тап қазір «COVІD-19 вирусы Қытайдың Ухань провинциясындағы биология­лық зертханада жасалып, әдейі таратылды», – деген қауесетке қатысты пікірталас тудыру – қисынсыз. Бірақ вирустың кең таралуынан әлемдік масштабтағы дүрлігудің орын алуы, содан ретсіздік туындауы еңбек-сауда биржаларына үлкен өзгеріс әкелгені түсінікті. Мысалы, Қытай кәсіпорындарының тоқтауы тап қазір бұл елдің тауар өндірісіне тәуелді елдерді ойлантып қойды.

Тағы бір мәселе – қазір мұнайға деген қажеттілік төмендеді. Бұл қара алтын бағасының түсуіне әсер етті. Әрине, ол алпауыт елдер арасында мұнай нарығына талас-тартыс соғысын күшейтті. Ресейдің мұнай өндіруді азайтуға келіспеуі қара алтын бағасының екі есеге дейін күрт түсуіне себеп болды. Ол Ресей рублінің құнын сол заматта төмен түсірді. Мұның бәрі коронавирус індеті таралу кезінде орын алып жатқан қосымша жағымсыз жағдайлар. Ал жалпы алғанда, бұл кібісе жылының әлегі, Сатурн­ның жайсыз сызықта орналасуының әсері.

Кітаптағы оқиға дәл қайталанған

COVІD-19 мутацияға ұшыраған жұқпалар тізімінде адамзатқа белгілі болған 40-шы вирус. Вирустың бұл түрін бірнеше жыл бұрын болжаған адам бар. Ол америкалық фантаст, көптеген триллерлердің авторы Дин Кунц. Жазушы осыдан 38 жыл бұрын жарыққа шыққан «Глаза тьмы» атты романында Қытайдың Ухань провинциясында адамдарға ажал әкелетін вирус жасалатыны жайлы (39-шы тарау) жазған. 2008 жылы қайта басылып шыққан осы кітапта жаңа вирус жасырын биологиялық зерт­хана орналасқан қаланың атымен – «Ухань-400» деп аталған. Автор онда вирусты сол жерде жасалған деп көрсеткен және төзімділігі жөнінен әлемнің ең озық ғылыми-зерттеу институттарында жасалған микроағзалардан да мықты деп жазған.

Таң қалатын сәйкестік: вирустың шығу территориясы мен уақыты (2020 жыл) жазушы қиялымен қалай дөп келді? Қараңызшы – кітапта ол «Ухань-400» деп аталса, өмірде ол коронавирустар ішінде адамзатқа мәлім 40-шы вирус болып отыр.

Түсіндіре кетейін, негізі Дин Кунцтың бұл кітабына 1981 жылы Испанияда пайда болған пневмонияның жаңа түрі арқау болған. Кеңестік дәуір басылымдары бұл пневмония эпидемиясы АҚШ-тың сол маңдағы әскери базасынан бас­талды деген болжам жасаған-ды. Ол кезде пневмонияның жаңа түрінен жүздеген адам көз жұмған еді. Осыны қиял кітабына айналдырған Дин Кунцтың жаз­ғандары қырық жылдан кейін қалай өмірде шындыққа айналды?

Аспан әлемі мақұлдаған көрінеді

Бұл сұрақтың жауабын табу үшін мен Дин Кунцтың космограммасын жасадым. Сонда оның өмірлік сызықтарында бір-бірін қайталайтын түйісулер барын байқадым. Жазушының өмірінде осы сияқты сәйкес келетін сызықтар көп. Астрологиялық әлемде сызықтардың бұлай түйісуі адамның ойы мен санасындағы жайттардың сол қалпында өмірде дәл қайталанатын ерекшелікке ие. Мысалы, Дин Кунц Күн тұтылған кезде (1945 жылдың 9-шілдесінде) өмірге келген. Коронавирус та 2020 жылдағы Күн тұтылу кезінде ушықты.

Дәлел ретінде Титаник туралы оқи­ғаны алайық. Америкалық Морган Робертсон 1898 жылы жарыққа шыққан повесінде «Титан» атты алып теңіз лай­нерінің қалай қирайтынын тәптіштеп суреттейді. Бұл оның қиялынан туған шығарма болатын. Ал он төрт жылдан кейін осы жағдай өмірде дәл қайталанып, «Титаник» алып айсбергке соқтығысты. Жағдай жазушы суреттеген оқи­ғамен дәлме-дәл келеді: адамдарды түгел құтқаруға шағын қайықтар саны жетпей қалды. Мұны аспан әлемі дарынды жазушының санасындағы жайларды «оқып», тап солай Жерге ақпарат етіп жіберді деп түсіндіруге болады.

COVІD-19 коронавирусының тарауы да осындай құбылыс. Дегенмен астрологиялық болжам бойынша, коронавирус жаппай пандемияға айналмайды. Олай болуы үшін вирустың таралуы Күн белсенділігі артатын жылға сай келуі керек еді. Мұны Кеңес ғалымы Александр Чижевский зерттеулерінен де байқауға болады. Ғалым Жер шарындағы көптеген эпидемияның Күн бел­сенділігі кезіне сай келетінін ғылыми түрде дәлелдеген.

Алдағы уақыттағы Күннің белсенділігі 2024-2025-ші жылдарға сай келеді. Міне, сол кезде нағыз пандемия болады деуге негіз бар. Әлеуметтік-қоғамдық мәсе­лелердің ушығуы сол кезде болуы мүмкін. Сондықтан мен адамдарды уа­йымға, үрейге берілмей, басымызға төн­ген мына қауіптен дұрыс қорғануға, сауатты сақтана білуге шақырамын.

Нағыз қауіп алда дейді

Ашығын айтқанда, коронавирус қаупі әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ. Жеке өзімнің астрологиялық зерттеулеріме сүйеніп, бұл эпидемияның 4-10 сәуір аралығында өршуі мүмкін екенін ескер­темін. Одан кейін вирустың таралуы біртіндеп баяулай бастайды.

Дегенмен жыл соңына дейін ол екі рет – шілде айының басы мен қарашаның ортасында тағы да қайталанады. Ол кезде вирустың таралуы басқаша сипат алады: тез өзгереді және жазылуы қиын болады. Бірақ коронавирус 1918-1919-шы жылдардағы 50 миллион адамның өмірін қиған Испан тұмауы секілді өте кең таралмайды.

Еске сала кетейін, Испан тұмауы эпидемиясы 18 айға дейін созылған болатын. Ол кезде әлем халқының үштен екі бөлігі – 550 миллион адам тұмаудың осы түрімен ауырып, олардың 10-11 пайызы көз жұмған еді. Бір ғана Ресейдің өзінде Испан тұмауынан 10 миллион адам көз жұмды.

Адамның денсаулығы, әсіресе им­мунитетіне Прозерпина планетасы тіке­лей әсер етеді. Испан тұмауы өршіген 1918 жылы ол әлі ашылмаған, Жерге әсері толық белгісіз планета болатын. Сол кезде ол адамға жайсыз градуста жайғасқан еді. Екі-үш жылдан кейін Прозерпина тағы да осы жайсыз градусқа орналасады. Ол екі жылға жалғасады. Бұл кезең Сарышаян шоқжұлдызы ке­зеңіне дөп түседі. Ең жаманы, ол Күннің белсенді кезеңімен сәйкес келеді. Сол үшін мен 2024-2025 жыл қазіргіден әлдеқайда қиын да қорқынышты болады деп болжап отырмын».

Астролог осындай болжам айтады. Ол қазіргі пандемия алдағы қауіпке да­йындық, сабақ болуы тиіс деп санайды. Халықты сабыр мен төзімділікке, ал билік басындағыларды елге барынша дұрыс жағдай жасауға шақырады.

Әрине, үріккен елдің үрейін одан әрі ұшырмай, П. Глобаның бұл болжамын елеусіз қалдыруға да болатын еді. Бірақ есімі әлемге танымал жұлдызшы, «ХХІ ғасыр Нострадамусы» атанған адамның жорамалдары көбіне дәл келетінін естігенде ойланып қалады екенсің...

Р. ОРДАБЕК.

www.zamana.kz

Сауат ашу кітабындағы «Құран», «Хадис» сөздері ата-ананың ашуын туғызды
42 мың 500 теңгенің құдыреті cол Telegram-ды 1-ші орынға шығарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу