42 500 теңге әлеуметтік жәрдемақы клиенттердің карта шоттарына аударылуы мүмкін

Oinet.kz 02-04-2020 1293

42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін клиенттердің карта шоттары пайдаланылуы мүмкін, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

image.png

«ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында төтенше жағдай кезінде екінші деңгейлі банктер мен банк операцияларын орындайтын жеке ұйымдармен төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындау және беру туралы қажетті жұмыс атқарды. Ол үшін екінші деңгейлі банктер клиенттердің банк шоттарына әлеуметтік төлемнің аударылуын қамтамасыз етуі қажет» делінген хабарламада. 

Әлеуметтік көмек алуға тиіс клиенттердің банк шоттары бұғатталған немесе басқа да шектеулер қойылған жағдай анықталса, бұғаттан шығару және 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек өндіру шараларын жүзеге асыру қажет. 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдай және карантин кезінде әлеуметтік көмек алу үшін карта шотын көрсетуді ұсынады. Жедел байланыс телефоны: +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122 (дүйсенбі-жұма 9.00-дан 17.00-ге дейін, сенбі – 9.00-дан 15.00-ке дейін, жексенбі – демалыс)

Шымкентте карантинге қарамастан жезөкшелердің жұмысы қызып тұр (видео)
Тірі туған нәрестені тоңазытқышта қалдырған басшы айыппұлмен құтылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу