Министр: «Көз жұмған әйел ауруханға уақытында жатқызылмаған»

Oinet.kz 31-03-2020

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәлімдеуінше, Ақмола облысы жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына сөгіс жарияланды. Өйткені жауапты тұлғалар Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны уақытылы медициналық көмек ала алмай, коронавирустан қайтыс болған.

Әйелдің қазасы үлкен дауға ұласты. Марқұмның баласы оның өліміне дәрігерлерді айыптады. Оның айтуынша, дәрігерлер науқасты ауруханаға жатқызудан бірнеше мәрте бас тартқан.

Марқұмның баласының мәлімдемесі әлеуметтік желіде тараған соң, облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру жүргізген. Шенеуніктердің айтуынша, дәрігерлер науқас тұмауратып қалған деп есептеген.

– Туыстарына дұрыс түсіндірмеген, соның салдарынан осындай дау шықты. Науқасты ауруханаға уақытылы жатқызбаған соң оның жағдайы күрт нашарлап, соңы өліммен аяқталды, – деп мойындады министр.

Елімізде екі мейірбике коронавирус жұқтырып алған
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бүкіл әуе рейстерін тоқтатады

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×