Елімізде екі мейірбике коронавирус жұқтырып алған

Oinet.kz 31-03-2020 1300

Қазақстанда екі медбике науқастардан инфекция жұқтырып алды. Тәжірибе көрсеткендей әлемнің барлық елінде қауіпсіздік шараларына қарамастан дәрігерлер қатерлі топқа жатады, деп хабарлайды Baq.kz. 

02572bc72e9ff7192e657beabe21156e.jpg

Мамандардың айтуынша, дәрігерлердің инфекцияны жұқтырып алуына иммунитеттерінің төмендеуі себеп болып отыр.

Елімізде алғаш медбикенің коронавирус жұқтыру жағдайы Атырау облысында тіркелген. Ол 17 наурыз күні Алматы арқылы Стамбұлдан ұшып келген қыздан қан сараптамасын алған поликлиника қызметкері. Қазіргі таңда медбикемен 27 адамның байланыста болғаны анықталып, барлығы карантинге жабылған.

Осындай тағы бір жағдай Қызылорда облысында тіркелді. 23 жастағы медицина қызметкері де науқастан инфекция жұқтырып алған.

- Қала тұрғыны поликлиниканың бірінде жұмыс істейді. Ол қарап жүрген науқастан коронавирус анықталды. Медбике тамағы ауыратынын ғана айтады. Температурасы қалыпты, тыныс алу бойынша қиындықтар жоқ, жөтелі де жоқ, - дейді Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусаметов.

Қазақстандық тілші тікелей эфирде ғашығына ұсыныс жасады
Министр: «Көз жұмған әйел ауруханға уақытында жатқызылмаған»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу