Қазақстандық тілші тікелей эфирде ғашығына ұсыныс жасады

Oinet.kz 31-03-2020 1336

"Хабар 24" телеарнасының тілшісі Марк Брюшко өзінің қызына тікелей эфирде ұсыныс жасады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" тілшісі.

Казахстанский корреспондент сделал предложение своей девушке в прямом эфире

"Хабар 24" жаңалықтар түсіру тобы Жібек Жолы кентінің шекарасында жұмыс істеп жатты. Автомобильдердің шығуын бақылайтын полиция қызметкерлерімен болған сұхбаттан кейін, тілші кенеттен тікелей эфирде жеке өмірі туралы сөз қозғады. 

"Егер мүмкіндік болса... Мен қазір астанада тұрып, жұмыс істеймін. Қарағанды мен менің туған қалам Абай карантинге жабылды. Егер карантин елордада алынып тасталса, мен үйге кіре алмаймын. Бір айдан астам уақыт үйде болған жоқпын. Қарағандыда менің қызым қалып қойды, ол да журналист. Оның денсаулығы үшін қатты алаңдаймын. Мен оған ұсыныс жасау керек едім. Мүмкін, тек бірнеше айдан кейін ғана көрісеміз. Сондықтан, осы сәтті пайдаланғым келеді. 

Юлия, сен мені тікелей эфирден тамашалап отырсың. Маған тұрмысқа шық. Менің ниетімнің шынайы екендігін білгеніңді қалаймын және сенің жауабын тікелей эфирден кейін күтемін", - деді тілші сақинасын көрсетіп.

Коронавирус қандай температурада тез өледі?
Елімізде екі мейірбике коронавирус жұқтырып алған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу