Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бүкіл әуе рейстерін тоқтатады
1 сәуірден бастап елорда әуежайына жолаушыларды тасымалдайтын барлық ұшақтың қонуына рұқсат берілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат порталына сілтеме берген Oinet.kz.
- «1 сәуір күнгі сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан әуежайы барлық халықаралық тұрақты және эвакуациялық жолаушылар ұшағын қабылдауды тоқтатады» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ведомство мәліметіне сай, Алматыда да 1 сәуірден бастап рейстерді қабылдау тоқтатылады. Ал халықаралық жолаушылар әуе рейстері Қазақстанның басқа әуежайларына қарай бағытталатын болады.