Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовты сот үй қамауына алу туралы санкция шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы тергеу сотының сайтында жарияланды.
Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовты қамау туралы санкцияны тергеу соты 28 наурызда шығарған.
Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген (Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы).
"Сараптама нәтижесінде күдікті Қуанышбек Досмаилұлы Ысқақовқа қатысты "үйде қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өтініші қанағаттандырылды. Бұлтартпау шарасының мерзімі 2020 жылдың 26 наурызындағы 22:28-ден бастап 2020 жылдың 26 мамырындағы 22:28-ге дейін екі айға жалғасады", - деп хабарлады Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Желіде Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов ұсталды деген қауесет таралып жатқаны хабарланған еді. WhatsApp-та тарап жатқан хабарламада Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов, оның көмекшісі, оған туыс болып келетін бизнесмен мен тағы бір кәсіпкердің ұсталғаны айтылып жатыр. Жарияланған хабарламада ұсталды делінген адамдардың аты-жөні толықтай жазылған.
Ал облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер нақты мәлімет бере алмайтынын, себебі қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкенін айтқан еді.
Айта кетейік, Қуанышбек Ысқақов Қызылорда облысы әкімі қызметіне 2019 жылдың маусымында келген еді. Оған дейін ол облыс әкімінің орынбасары қызметінде болған.
Ал бұған дейін Қызлорла облысы әкімі қызметіне Гүлшара Әбдіқалықова тағайындалғаны белгілі болған.