Үндістан жабылды

Oinet.kz 12-03-2020 1169

Дипломатиялық, ресми, БҰҰ, халықаралық ұйымдар, жұмысшылар визасынан басқа барлық визалар 2020 жылғы 13 наурыздан 15 сәуірге дейін тоқтатылды.

Үндістанда үкімет отырысы өтіп, онда коронавирустың таралуын болдырмау шаралары туралы бірқатар шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, шетелдіктерге виза беру тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үндістан үкіметінің сайтында хабарланғандай, дипломатиялық, ресми, БҰҰ, халықаралық ұйымдар, жұмысшылар визасынан басқа барлық визалар 2020 жылғы 13 наурыздан 15 сәуірге дейін тоқтатылды.

Бұрын берілген визалар да тоқтатылады. Үндістанға шұғыл дәлелді себептермен келуі қажет адамдар өз еліндегі Үндістан өкілдігіне хабарласуы керек.

Үндістанға 15 ақпаннан кейін Қытай, Италия, Иран, Корея, Франция, Испания және Германиядан келген барлық азаматтары кем дегенде 14 күн мерзімге карантинге жатқызылады.

Елімізде коронавирусқа байланысты мектеп оқушылары каникулға жіберіледі
Коронавирусқа байланысты тойлар кейінге шегеріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу