Кәсіпкер миллион теңгеге гүл алып, әйелдер қауымын тегіс құттықтады

Oinet.kz 10-03-2020 2182

Ақмола облысы Атбасар ауданында орналасқан Покровка елді мекенінің жеке кәсіпкері ауылдың барлық қыз-келіншектерін 8 наурыз мерекесімен құттықтау үшін гүлге бір миллион теңгеге жуық қаржы жұмсаған. Осылайша Ғалымжан Әріпов үш жүзге жуық нәзік жандыны қуантқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BaigeNews.kz-қа сілтеме жасап.

image.png


Басылым мәліметінше, 8 наурыз қарсаңында нәзік жандыларға гүл-шоқтарын ұсыну идеясы ауылдық әкімдікке тиесілі.

Алайда бұндай игі бастамалалар үшін бюджеттен ақша қарастырылмапты.

"Санақ бойынша Покровка ауылында жаңа туған сәбиден бастап, зейнет жасына шыққан үш жүзге жуық қыз-келіншектер қауымы бар. Ғалымжан Уалиханұлы елді мекеннің барлық нәзік жандыларына гүл-шоқтарын сатып алды. Егер мен қателеспесем, осы үшін бір миллион теңгеге жуық ақшасын жұмсаған. Содан кейін әрбір аулаға кіріп, сыйлықты ұсындық. Ауылдастардың жүзінен күлкі көру - өте керемет сезім", - дейді Покровка әкімі Бақытжан Байбеков.

Тұрғындар кәсіпкердің тосын сыйын жоғары бағалаған. Олар әлі күнге дейін Whatsapp мессенджерінде жомарт жанның игі ісін жарыса жазуда.

Фото: baigenews.kz

Покровка әкімінің айтуынша, Ғалымжан Әріповтің бұдан бөлек, жергілікті халыққа жасаған жақсылығы көп.

"Ол "жедел жәрдем" көлігін сатып алды. Кәсіпкер балаларға арналған шағын орталықтағы әр бүлдіршінге төленетін соманың 50 пайызын өз мойнына алды. Жақында Ғалымжан Уәлиханұлы жергілікті мәдениет үйіне қажетті құрал-жабдық сыйлады. Сондай-ақ, ол мәдениет үйін салуға уәдесін берді. Біз Әріповтің сөзге берік азамат екенін білеміз", - деді Покровка әкімі Бақытжан Байбеков.

Әже - ұлттық тәрбие ұйытқысы
Қазақ жігіті 6 мың литр қан тапсырып Қытайлықтарды аман алып қалған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу