Ақтаулық жасөспірім ақша жинап, аула сыпырушыларын 8 наурызбен құттықтады
Ақтаулық 10 жастағы Әлижан "Қала жолдары" қызметкерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Оның әрекеті желі қолданушыларын сүйсіндірді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Ақтау тұрғыны Әлижан Instagram желісіндегі парақшасында коммуналдық қызмет жұмысшыларын мерекемен құттықтап, бір шоқ гүл сыйлап жатқан видесын жүктеді.
Әлижанның айтуынша, бұл идеяны анасы айтқан.
Instagram қолдаланушылары оның мейірімді әрекетін бағалап, пікір қалдырып жатыр.
Пікір жазған адамдардың бірі бала гүлге ақшаны өзі жинағанын айтты. Ол үшін жасөспірім қаладағы кафелердің бірінің иесінен сағыз алатын автомат орнатуды сұраған екен.