Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті

Oinet.kz 07-03-2020 926

2020 жылғы 2-6 наурыз аралығында Мәскеу қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Oinet.kz  сайты Baq.kz порталына сілтеме жасап.

c1acc150c10a9ce4cbdfa3804291bddc.jpg

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, комиссия Павлодар-Новосібір мемлекеттік шекарасының учаскесіне далалық демаркациялық жұмыстардың материалдарын тексерген. Демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау жалғастырылды, сондай-ақ шекара сызығын оның жекелеген учаскелерінде белгілеуге байланысты мәселелер талқыланған.

Тараптар Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының Алтай өлкесі шегіндегі шекара учаскесінде 2020 жылы шекаралық белгілерді орнатудың жобалық орындарының кестесін нақтылап, құрастырды,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ, комиссияның келесі отырысы 2020 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетіні айтылған.

Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды
Ақтаулық жасөспірім ақша жинап, аула сыпырушыларын 8 наурызбен құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу