Ардагер аналарды құттықтады
«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Қуанышпеков пен қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев "8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні" қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Вера Утробина мен 113 жастағы қаламыздың тұрғыны Гүлшешек Колаеваның шаңырақтарына барып, мерекемен құттықтады. Өз кезегінде аналар да сөз алып, "Nur Otan" партиясына деген алғыстарын жеткізіп, ел тыныштығын тіледі.