Василий Левит Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Oinet.kz 08-03-2020

dc7c2ec9d320a67e46f50b439b31997a.jpg

Токио Олимпиадасының Азия және Мұхит жағалаулары елдері арасындағы іріктеу турнирі шешуші кезеңіне таяды. 

Бүгін  үш бірдей боксшымыз Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Бұл туралы Baq.kz хабарлайды. 

Алғашқы айқасын ширек финалдан бастаған жерлесіміз Василий Левит Тәжікстан спортшысы Эрдэнэбаяр Сандагсүрэнмен (Ерденебайыр Сандыгсүрен) жұдырықтасып, қарсыласын айқын басымдықпен ұтып жартылай финалға шықты. Бұл салмақта тек жартылай финалға шыққан боксшылар ғана Олимпиада ойындарына жолдама алады.

Осылайша Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының (2017, 2019) екі дүркін қола жүлдегері және 2009, 2015, 2017 жылдары Азияның үш дүркін чемпионы атанған Левит қазақ боксшылары арасынан үшінші болып Токио Олимпиадасына жолдама ұтып алды. 

Ардагер аналарды құттықтады
Мұнай бағасы 30 жылдан кейін тағы қатты құлдырады


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×