Сәкен Бибосынов алғаш рет келіншегін көрсетті (фото)

Oinet.kz 09-02-2022 1111

Бокстан Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов өткен жылы желтоқсан айының 13-і күні үйленді. Ол отау құрмас бұрын отбасымен қатар, бапкерінің ақ батасын алғанын атап өтті. Сондай-ақ, өмірлік жарын таныстырды. 

Screenshot_2.jpg

"Ақ некелі жарымның есімі - Нәзира. Үлкен өмірге бірге қадам басқан жарыммен 2017 жылы алғаш танысқан болатынмын. Нәзира алғаш танысқан кезден бері әр күні мені қолдап келді. Содан бері екеуміз өмірдің қиындығында, қуанышында бірге еңсеріп келе жатырмыз. Тәуелсіз елімнің бірден бір үлгілі отбасы болуымызды Аллам нәсіп етсін. Барша құттықтаған жандарға мыңнан бір алғыс. Алла разы болсын", - деп жазба қалдырды боксшы желідегі парақшасында.

Мәсімовтың орнына басқа адам Президент болды
Құқық қорғау органдары қызметкерлері мемлекеттен алған пәтерді өтеусіз жекешелендіре алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу