Мәсімовтың орнына басқа адам Президент болды
Qazaq kuresi қауымдастығының президенті болған Кәрім Мәсімовтің өкілеттігі тоқтатылды. Qazaq kuresi қауымдастығы құрылтайшыларының кезекті жалпы жиналысының қорытындысы бойынша бұл ұйымға Самат Ерғалиев президент болып сайланды, деп хабарлайды Экспресс К.
Самат Ерғалиев қазіргі кезде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарады. Еркін күрестен спорт шебері. "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
Айта кетейік, Qazaq kuresi қауымдастығы 2020 жылы құрылған. Сол кезде қауымдастықтың президенті қызметіне Кәрім Мәсімов сайланған.
Бірнеше жыл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Кәрім Мәсімов 8 қаңтарда ұсталды. Нұр-Сұлтан қалалық сотының мәліметінше, Кәрім Мәсімов "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша қамауға алынып отыр. Әзірге іс тергелуде.