Тоқаев: 8 наурызға жоспарланған мерекелік концерт өтпейді

Oinet.kz 02-03-2020 1455

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 вирусына байланысты 8 наурыз мерекесі тойланбайтындығын жеткізді, яғни елордадағы салтанатты жиналыс пен концерттердің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

2019121022283910537_2019121018252491590_akorda13.jpg

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі ресми парақшасында жазды.

- "Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін", - деді президент.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирусқа байланысты Маңғыстау облысында мәдени шаралар санын барынша қысқарту туралы шешім қабылданғанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда COVID-19 вирусын жұқтырғандардың саны 80 мыңнан асқан.

Жергілікті биліктің мәліметінше, вирус жұқтырған 32,6 мың адам ауруханада жатыр, қалғандары ауруханадан шыққан. Олар ауруынан толықтай сауыққан.

Жаңа коронавирусты 44,5 мың адам жеңіп шыққан.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы дерегінше, коронавирустың салдарынан Қытайдан өзге елдерде 7169 адам зардап шекті.

Тоқаев: «Бейбіт жиынға 250 адам ғана қатыса алады деу ақылға қонымсыз»
Елбасы Сағынтаевты қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу