Тоқаев: «Бейбіт жиынға 250 адам ғана қатыса алады деу ақылға қонымсыз»
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала ескертіліп, жасалатын бейбіт жиынға 250 адам ғана қатыса алады деп сан жағынан енгізілген шектеу ақылға қонымсыз деп санайды. Бұл туралы ол informburo.kz порталына берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Бейбіт митингті ұйымдастырушылар билік органдарын митингке қатысушылардың жоспарлы саны туралы алдын ала хабарлауы керек, бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Қоғам талқысына ұсынылған митингілер туралы заң жобасы мұқият зерделеніп жатыр.
- Жолдауымда атап өткенімдей, бейбіт жинындар - бұл біздің азаматтарымыздың Конституциямен кепіл берілген құқығы болып табылады және олар жергілікті билік белгілеген жерде өткізуге болады, қала шетінде емес. Әрине, конституциялық құрылымға нұқсан келтірудің кез-келген әрекеті, сондай-ақ зорлық-зомбылық түріндегі экстремизм белгілері қылаң берген жағдайда заңға сәйкес оның бәрі ауыздықталады. Бұл біздің ел азаматтарының басым көпшілігінің мүдделеріне сәйкес келеді. Сонымен қатар, мен бейбіт жиындарды өткізу туралы алдын ала хабарлауды енгізулі аса маңызды алғышарт деп санаймын, - деді Президент.
Бейбіт митингті ұйымдастырушылар билік органдарын митингке қатысушылардың жоспарлы саны туралы алдын ала хабарлауы керек, бұл олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өте маңызды.
- Осылайша, митингті ұйымдастырушылар мен жергілікті билік те қоғамдық тәртіпті сақтау үшін өзара жауапкершілік алады. Алайда үкіметтің заң жобасында көрсетілгендей бейбіт жиынға 250 адам ғана қатыса алады деп сан жағынан енгізілген шектеу ақылға қонымсыз деп санаймын, - деді ол.