Үндістанда мұсылмандардың шалбарын шешіп, мұсылман еместігін анықтамақшы болған

Oinet.kz 27-02-2020 7202

Үндістанның Дели қаласында мұсылмандар тұратын аудандарда орнаған кикілжіңнің кесірінен 27 адам қаза болды. Аймақтағы жағдай әлі тұрақталмапты, деп хабарлайды Stan.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz.

Индия

Шу шыққан аудандарға Үндістан билігі полиция қызметкерлері мен әскер аттандырыпты. Мұндай жағдай ел аумағында бірнеше жылдан бері орын алмаған. Ең алғаш ахуал жексенбі күні 23-ақпанда басталыпты. Кикілжіңге "Бхаратия Джаната Парти" индуизмдік партиясының жетекшісі Капила Мишра себепші болыпты. Ол өзінің жақтастарын митингке шыққан мұсылмандарға қарсы бас көтеруге шақырыпты.

Мұсылмандардың толқуы Үндістан билігінің жақында жариялаған жарлығынан кейін басталыпты. Үкімет жарияланымында босқындарға Үндістан азаматтығын жеделдетіп беретіндігі айтылыпты. Бірақ өз кезегінде Пәкістан мен Бангладештен келген азаматтар Ислам дінінің ұстанушылары болмауы тиіс екендігі көрсетілген. Сонымен қатар кейбір жергілікті билік өкілдері мемлекеттегі мұсылмандарды өздерінің Үндістан азаматтары екендігін дәлелдеуді талап етіп отыр екен. Әйтпесе, олар елден қуылатын көрінеді. 

Бұл заң жобасы мұсылмандардың наразылығын тудырмай қоймаған. Сол себепті бірнеше аймақтарда олар жаппай шеруге шыға бастапты. Десек те Үндістан билігі айтылған жайтты жоққа шығарып отыр екен. 

Индия

Мұсылмандарға қарсы шабуыл Мишраның айтқан сөзінен кейін орын алған. Партия жетекшісі полиция қызметкерлері митингті баса алмаған жағдайда халықтың бұл іске араласатындығын жеткізіпті.  

Бұл жаайттан қарапайым тұрғындар, тіпті, жергілікті журналисттер де жапа шегуде. Қолдарына темір-терсек, таяқ пен тас ұтсаған азаматтар жолдарында кездескендерді соққының астына алып жатқан сыңайлы. Бұл жағдайға көз жұма қарай алмаған мұсылмандар индуисттерге қарсы шығуға тура келіпті.

Бір журналисттің айтуынша бұзақылар оны қорқытып шалбарын шешуге мәжбүрлепті. Осылайша олар БАҚ өкілінің сүндетке отырғанын-отырмағанын тексеріп, оның мұсылман еместігіне көз жеткізбекші болған. 

Қазірдің өзінде жергілікті ауруханаларда 189-дан астам адам жатыр екен.

Қазақстандағы дүнгендердің Қытаймен байланысы анықталды
Прокуратура: Дулат Ағәділ жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінен қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу