Прокуратура: Дулат Ағәділ жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінен қайтыс болды

Oinet.kz 27-02-2020 1462

Нұр-Сұлтан прокуратурасының қызметкерлері қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өліміне қатысты басталған сотқа дейінгі тергеудің мәліметтерімен бөлісті. Ол уақытша ұстау изоляторында көз жұмған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

87328747_215165516300025_5091029370817192773_n.jpg

Ведомствоның мәліметінше, аталған іс арнайы прокурордың бақылауында, ал марқұмның денесі оның отбасы өкілдерінің тарапынан тартылған арнайы сарапшылардың қатысуымен зерттелген.

Осылайша, зерттеу нәтижесі Дулат Ағаділдің өткір жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінен қайтыс болғанын көрсеткен. Прокуратурада Ағаділдің қорғаушысы мен ағасының жүргізілген зерттеуге байланысты ескертулері жоқ екенін атап өтті. Зерттеудің түпкілікті нәтижелері белгілі болған соң сот сараптамасының қорытындысы шығарылады, ал әзірге кісі өліміне қатысты тергеу жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін елордадағы тергеу изолторында белсенді Дулат Ағаділдің қайтыс болғаны хабарланған.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін, сотқа құрметсіздік танытып, сот отырысына қатысушылар мен судьяларды балағаттағаны үшін Дулат Ағаділге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Соттың тергеу шараларына келмеуіне және жалтаруына байланысты 24 ақпанда, шамамен сағат 21:00-де белсенді үйінде тұтқынға алынып, тергеу изоляторына жеткізілген.

Сондай-ақ ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Дулат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірген болатын.

Үндістанда мұсылмандардың шалбарын шешіп, мұсылман еместігін анықтамақшы болған
Танымал ақын Балтабек Нұрғалиев коронавирусқа қарсы дұға жазып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу