Танымал ақын Балтабек Нұрғалиев коронавирусқа қарсы дұға жазып шықты

Oinet.kz 29-02-2020

Тұңғыш Президент отбасына ода жазып танымал болған ақын Балтабек Нұрғалиев коронавирусқа қарсы дұға жазып шықты, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол жан тебірентерлік өлеңін Facebook-парақшасына жариялаған.

Screenshot_2.jpg

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДҰҒА

Коронавирус! Коронавирус!

Тарай көрмесін далама вирус!

Тарай көрмесін қалама вирус!

Тарай көрмесін ауаға вирус!

Еліме менің жолама, вирус!

Елімді менің тонама, вирус!

Көз тігіп бізге қарама, вирус!

Тарама деймін, тарама, вирус!

Қаратүнектен жаралған вирус,

Әлемге біртін таралған вирус.

Адалдың жауы, атың өшкір-ай,

Түбірің сенің арамнан, вирус!

Біреулер үшін пайдасың, вирус,

Біреулер үшін айласың, вирус.

Тоқтатсын Алла, жоқ қылсын мүлде,

Есімің қанат жаймасын, вирус!

Жақсылық күтсін, жақсылық алда,

Амандық берсін, амандық жанға!

Коронавирус кесірден сақта

Адамзат үшін тілеймін, Алла!

Балтабек Нұрғалиев өлеңін аяқтаған соң, аты жаман індеттің бізге келмейтініне сенімді. Өйткені 50-ге жуық елге тараған коронавирус Президенттің сарабдал саясатының арқасында Қазақстанға жоламайды.

Прокуратура: Дулат Ағәділ жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігінен қайтыс болды
Мемлекет басшысы қазақстандықтар Алғыс айту күнімен құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу