Ел Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесін қабылдады
Бүгін ел Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевті қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
- Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, белгілі журналист Михаил Дорофеев мемлекет басшысына отандық ақпарат кеңістігіндегі ахуал жөнінде ой-пікірін айтты. Сонымен қатар, әңгімелесу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ журналистердің құқығын қорғауға қатысты мәселелер сөз болды, - делінген хабарламада.
Михаил Дорофеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа медиа-қоғамдастықтың атынан жала жабу туралы Қылмыстық кодекстің 130-бабын қылмыстық деп танымау жөніндегі шешімі үшін алғыс білдірді.
Қазақстан президенті телевизиядағы сапалы контентті дамытудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан отандық БАҚ-қа қолдау көрсетіле беретінін айтты.