Дулат Ағәділдің артында 6 баласы қалды

Oinet.kz 26-02-2020 2481

Қазақстанның бірнеше қаласында полиция департаменттерінің алдында наразылық шарасы өтті, деп хабарлайды Stan.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

news_full158269300775be9a61371750eceede01392c6e05c0.jpg

Жиналғандар қоғамдық белсенді Дулат Ағәділдің өліміне полицияның қатысы бар деп есептейді. Үнемі саяси тұтқындарға бостандық сұрап, әлеуметтік, құқықтық проблемаларды көтеріп жүретін белсенді Дулат Ағәділ Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторында көз жұмғаны хабарланған. Ресми мәліметте оның өліміне "жүрек ауруы" себеп болған. 

- "Целиноград аудандық сотының шешімін алғаннан кейін, ары қарай арнайы жұмыстар жүргізіп, Талапкер елдімекенінен азамат Ағәділді, ал оның формамен болуы я формасыз болуы ол міндет емес", - дейді ҚР Ішкі істер министрлігінің орынбасары Арыстанғани Заппаров.

Ішкі істер министрлігі Дулат Ағәділді формасыз адамдардың ұстауын осылай түсіндірді.

Айтуларынша, Дулат Ағәділ тергеу изоляторына әкелгенге дейін ішімдік ішкен. Жүрек жетіспеушілігі болған сәтте тиісті медициналық көмек көрсетілген дейді. Ал бір күн бұрын Ағәділдің үйіне арнайы қызметтік формасыз өздерін полициядан деп таныстырған бірнеше адам келіп, күшпен алып кеткен сәтінің видеосы желіде тараған еді. 

Қара түсті қызметтік емес көлікке мінгізіп алып кеткен соң, туыстары Дулат Ағәділді көрмеген. Оның өлімін естіген азаматтар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында жиналып, наразылықтарын білдірген. Олар Дулаттың өлімін белсенділігімен байланыстырады. 

- "Дулат Ағәділ адам өлтірді ма, ұрлық жасады ма, ол кісі не істеді? Ол қазақтың мұңын жырлап, сол үшін шырылдап жүрген, ағайын!", - дейді белсенділердің бірі.

Ресми органдар қайтыс болған Дулат Ағәділге сот медициналық сараптама жасалады деген. Бірақ өлім себебін анықтауға болатын тексеруге марқұмның әйелін кіргізбей қойды.

Белсендінің өлімін естіген алматылық белсенділер де қалалық полиция алдына жиналып, наразылық білдірді. Олар да Дулаттың өлімінің нақты себебін сұрады. Осындай наразылық акциясы Шымкент әкімдігінің алдында да өтті. Ал, Ішкі істер министрлігінің алдына жиналғандар жолды жауып қарсылық білдірді.

Алайда көп ұзамай полиция жасағы шұғыл әрекет етіп, наразы топтарды автобустарға күшпен тиеп алып кетті. 

Дулат Ағәділге қатысты сотқа құрмет көрсетпеді, судья мен қатысушылардың ар-намысына тиді деген айып тағылып, іс қозғалған. 

"Азаттық" радиосының дерегінше азаматтық белсенді өткен тамыз айынан бері, жалпы саны 60 тәулік қамауда болған. Ал желтоқсан айында рұқсат етілмеген митингіге қатысты деп, 10 тәулікке қамалған. Оның алдында қараша айында Целиноград тергеу изоляторынан қашып кеткен Дулат Ағәділ  өз әрекетін заңсыз қамауға қарсылығы деп түсіндірген, бірақ ол кезде екі күннен кейін бас прокуратураға өзі барған еді. Қайтыс болған белсендінің алты баласы қалды.

Қаржы пирамидаларының жарнамасына қатысқан эстрада жұлдыздарынан жауап алынады
Ел Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесін қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу